Лабораторлық жұмыс №3.

Тақырыбы: Corel Draw. Кескінділерді сканерлеу.

Мақсаты:  Corel Draw бағдарламасында жұмыс дағдысын қалыптастыру.

 

Осы уақытқа дейін суреттегі әрбір обьектіні біз жаңадан салатынбыз. Бірақ сіздер кез келген фигураны көшіріп және көшірмені керек жерге орналастырып, сонымен қатар, жасалынған фигураны редакциялайда аласыздар. Төменде қарастырылатын, объектілермен жүргізілетін операциялар оларды белгілеуден (айқындаудан) басталады:

·                        Объект таңдалған Нұсқағыш иструментімен белгіленіп реакцияланады.

·                        Егер объектілер айқасатын болса, (жоғарғы екі элипс сияқты), онда ортақ аймақта шерткенде обектілердің кейін салынған таңдалады, өйтекені бағдарлама оны алдыңғысының үстіне салынған деп есептейді. (жоғары қабатта тұрған.)

Көшіру және кірістірме

Объектіні көшірейік.

1.     Бесбұрышты белгілеңіздер.

2.    Ctrl+C пернелерін қатар басыңыздар. Объект Windows алмасу буферіне көшіріледі. Суретте ешқандай өзгерістер болған жоқ.

3.    Ctrl+Р перналерін басыңыздар. Алмастыру буферіндегі объект жұмыс бетінде алғашқының үстіне кірістірілген. Суретте бұл көрінбейді, өйткені фигуралардың шекаралары беттесіп тұр.

Объектіні көшіріп Копировать (көшіру, Сору) командасы Правка  менюінде болады. Объектіні белгілеп, осы команданы таңдаңыздар. Объектіні кірістіру үшін Правка менюіндегі Вставить (Кірістіру, Paste) командасын таңдаңыздар. Кірістіру, көшіру және қиып алу командаларының батырмалары басқару панелінің сол жағында тұр.

Жылжыту

Көшірме кірістіргеннен кейін белгілеуді қалпында қалады. Оны керек орынға қозғап апару үшін қасиеттер панелінің Координаттар өрісін пайдалануға болады. Бұл тәсіл орналастырудың жоғары дәрежелі дәлдігімен қамтамасыз етеді. Бірақ жұмысты жылжытмдату үшін әдетте объектілерді интерактивті жылжыту қолданылады. Осылайша программаның кез келген объектілерін жылжытуға болады.

1.     Егер ол белгіленбеген болса, онда бесбұрышты белгілеңіздер. Нұсқағышты орталық манипуляторға әкеліңіздер. Нұстағыш төртбасты стрелка пішінді болады.

2.    Обектіні керек орынға жеткенше (эранда сіздер оның жылуын көресіздер.) тасып апарыңыздар. Объектінің көшірмесі орынан жылжиды, ал алғашқы фигура орынында қалады.

                                    

Көлденең және тік ығысу.

Егер объектіні жылжытқанда Ctrl пернесін басып ұстасаңыз, онда ығысу дәлме –дәл көлденең немесе тік жүргізіледі.

Масштабталу

Тәждің екінші кертші кішірек болуы керек. Өлшемдерді өзгерту үшін қасиеттер панелін тағы пайдалануға болады немесе өлшемдерді интерактивті өзгертуге болады.

1.      Сол жақтағы басбұрышты белгілеңіздер. Бұрыштық манипулятордың бірінде шертіңіздер де, оны апарыңыздар. Нұсқағыш екібасты стрелка  түрінде болады.объект нұсқағыштың қозғалуына ілесе отырып, өлшемдерін өзгертеді. Объектінің қажет өлшемдеріне жетіп, оны орнына қойыңыздар.

 

Тапсырма:

1.  Bezier сайманы арқылы                                 фигурасын салыңыз.

 

2. Artistic Media сайманы арқылы төмендегі суреттерді салыңыз

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Объектіні жылжытқанда қандай пернені ұстайсыңдар?

2.    Өлшемдерінді өзгерту қасиеттерін айтыңыз?

3.    Өлшем бірліктерін атаңыз.